«Өнегелі ұрпақ»: «Қариясын сыйлаған елде қасиет бар»

Oinet.kz 03-05-2024 406

2.jpg 

Шымкентте Президенттің тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» акциясы негізінде ұйымдастырылып жатқан «Өнегелі ұрпақ» науқаны кең көлемде өткізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының Коммуникациялар қызметі хабарлады.

Осыған байланысты мегаполисте бірқатар нысандарда тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ, «Абай» саябағында санитарлық тазалау жұмыстары өткізілді. Оған Тұран ауданы Ардагерлер ұйымы, еріктілер және коммуналдық мекеме қызметкерлері мен басқарма, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері атсалысты.

Сондай-ақ, Тұран ауданына қарасты Қарттар үйі де тазаланды. Аула ретке келтіріліп, жуу, сыпыру, ақтау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Абай даңғылы №33 а, б көп қабатты тұрғын үй ауласында тазалық жұмыстары жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек аудан аумағындағы 20-ға жуық көп қабатты тұрғын үй ауласында санитарлық тазалық атқарылды.

 «Өнегелі ұрпақ» науқанына байланысты атқарылған жұмыстарға барлығы 1000-ға жуық адам және 20 техника жұмылдырылды.

Бүгінгі күнге дейін Тұран ауданына қарасты 21 елді мекеннің барлығы күнделікті, кестеге сәйкес тазаланды. Сондай-ақ, 7 егде жастағы зейнеткерлер үйінде тазалық жұмыстары жүргізілді

Сондай-ақ, Шымкентте " Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан "Өнегелі ұрпақ" апталығында қала аумағындағы жалғыз ілікті қарттардың үйінде сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Соның бірі, Абай ауданы Ю.Гагарин көшесіндегі 34 үй, 47 пәтерде тұратын Сенатская Зоя Константиновнаның үйінде Шымкент қаласының дін істері басқармасының және "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің қызметкерлері тазалық жұмыстарымен айналысты.

Атап айтқанда пәтердегі қоқыстарды сыпырып, тазалап, сынған жиһаздарға жөндеу жұмыстары жасалынды. Үйдегі шаң басқан ыдыс-аяқтар мен жиғаздар жуып, сүртіп, тазаланды.

Осылайша, қарт әжейдің көңіл- күйі көтеріліп, өзінің ыстық ықыласын білдіре отырып, рақметі мен ақ батасын берді.

«Қариясын сыйлаған елде қасиет бар» - деген дана халқымыз, сондықтан да тек сенбілік аясында емес алдағы уақытта тұрақты түрде қарияларға көмек қолын созатын боламыз» -деді, тазалық жұмысына қатысқандар.


Тыл ардагеріне құрмет
Шымкент: Олимпиада жолдамалары саны 11-ге жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу