Есірткімен бүкіл ел болып күресу қажет

Oinet.kz 05-05-2024 459

22.jpg 

Шымкенттік полицейлер жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен ювеналды полицейлер №4 жалпы орта беру мектеп оқушыларымен «жастар арасында нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу және жастарды спортқа баулу» тақырыбында жиын өткізді. Ондағы мақсат жастарға есірткі заттарының зияндығы мен кесірін ұғындыру, есірткі, психоактивті заттарға төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, парасатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берілді. Сонымен қатар, полицейлер оқушыларға есірткі тұтынудың қоғам өміріне төндіретін қаупі және есірткіге байланысты кез келген заңсыз әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы түсіндірді.

Сөз соңында жастар қызықтырған сұрақтарына жауап алып, өзара еркін пікір алмасып, ашық сұхбат құрды.

Айта кетері, есірткімен күрес мәселесі соңғы жылдары белсенгді түрде жүргізілуде. Жуырда Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

     --Әсіресе, біз мынадай бес кеселмен бүкіл ел болып күресіп, біржола тосқауыл қоюымыз керек. Алдымен, есірткі саудасы, соның ішінде синтетикалық есірткі айналымы. Өкінішке қарай, бұл індет жаппай белең алып барады. Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алынды. Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын,--деп атап өткен болатын.


Шымкент: Асыл тұқымды ешкілердің көрмесі ұйымдастырылды
Шымкентте грантқа құжат қабылдау басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу