Медицинаға ашықтықты енгізу –уақыт талабы

Oinet.kz 11-05-2024 403

2.jpg 

Бүгінде Шымкенттің денсаулық сақтау саласында ашықтықты енгізу мақсатында ауқымды жобалар қабылданып, нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков мәлім етті. 

Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестегі негізгі құралдарының бірі –ашықтық. Мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында басқарманың міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, бюджеттік орындалуы, бюджеттік бағдарламалар, бюджеттің жоспарлау сатысы бойынша ақпарат «Ашық үкімет» базасында «Ашық бюджеттер» порталында және басқарманың вэб сайтындағы «Азаматтық бюджет» тармағына салынып өз кезінде нақтылап өзгерту жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық мекемелерде барлығы 2260 бейнекамера орнатылған. Бейнекамералар стационар, перзентханаларға және балалар ауруханасының дәліздеріне тағы басқа  медицина ұйымдарының кабинеттеріне орнатылған.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау саласында кадр мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында бірқатар қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Қаладағы медицина ұйымдары арасында жалпы денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа әкелетін факторларды алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынып, 5-жоба пилоттық режим негізініде жүргізілуде.

Медицина мекемелеріне жұмысқа қабылдауды ашық және объективті өткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылы 8 қыркүйекте №38-02-04/3956 санды шығыс хатпен қалалық Цифрландыру басқармасымен бірлесе отырып қазіргі уақытта «i-shymkent.kz» порталы арқылы НR-процесс жүйесін жүргізу қолға алынып, интеграциялау жұмыстары жүргізілген.

Шымкент қаласында 13 мемлекеттік емхана халыққа медициналық көмек көрсетуде. Барлық емханаларда қызмет тіркеу орнынан басталады. Туындаған барлық сұрақтарға толық жауапты сол жерден алуға болады. Мәселен; емханаға тіркелу және қандай қызмет түрлері, жұмысқа байланысты учаскені ауыстыруға, тегін дәрі-дәрмектер туралы және т.б. ақпараттарды комплеанс-офицердің нұсқаулығына сүйене отырып ала аласыз.

Әр қабатта фойелерде сенім телефондары ілулі тұр, әр дәрігердің есігінде емхана және сол дәрігердің QR коды арқылы арыз-шағым, алғыс және  пікір қалдыруға мүмкіншілік бар. Сондай-ақ ДСБ, ФСМС, Фармкомитет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттерінің сенім телефондары да қолжетімді.

 Қазіргі уақытта шымкенттің медициналық ұйымдарында вакансия болса, заң бойынша 3 жұмыс күні ішінде ЕҢБЕК КЗ сайтына бос орын бойынша мәлімет орналастырылады, тек жұмыспен қамту орталығына тіркелген азаматтар ғана жолдамамен келеді.


Шымкентте грантқа құжат қабылдау басталды
Шымкент жастары Зейнеп Ахметовамен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу