Бас прокуратура Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады

Oinet.kz 30-04-2024 256

 turgynbayev.jpeg

Бас прокуратура бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады.

--Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.
29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды. Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚПК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелген,--делінген Бас прокуратураның таратқан мәліметінде.


Өз өзіне қол салған полицей өліміне бастығын кінәлап хат жазып кеткен
Қаратау уран кенішінде 862 млн теңге жымқырылған—Антикор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу